Ст. 61 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV
Мемлекеттiк мүлiк туралы
61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару тек қана жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.
Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығын құқықтық кадастрдағы мәліметтердің және (немесе) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде растау мүмкін болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектілерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерінің жариялылығы сақталған кезде жүргізілуі мүмкін. Иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесі тарапынан талаптар болған кезде жариялылықтың болмауы мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен бастап, мемлекеттің оны сатып алуға басым құқығы болады.
4. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдағаннан кейін осы Заңның 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.
6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қағидалар осы Заңның 67-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жер учаскесі жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да қолданылады.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Халықаралық төрелiк туралы 15-бап. Төрелiктiң өз құзыретi туралы қаулы шығаруға құқығы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 26-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегiіс-шараларды қаржыландыру Магистральдық құбыр туралы 15-бап. Магистральдық құбырды жобалау, салу және пайдалану Төтенше жағдай туралы 21-бап. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтатудың құқықтық салдарлары Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкілеттіктеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей