Ст. 18 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
18-бап. Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу
1. Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын үстеме тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдердi басқарудың ведомстволық жүйелерiн қалыптастыру мен жетiлдiру үшiн пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеудің болуы осындай тексерудiң заңдылығына дәлел болып табылмайды.
Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.
2. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеледі.
Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау тәртiбiн тiркеуді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Тексеруді жүргізу қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулерді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізген кезде бұзушылықтарды жасау кезінде тікелей олардың жолын кесу қажеттігіне қарай және айғақтарды бекіту үшін кейінге қалдыруға болмайтын іс-қимылдар жасау үшін тексерулер тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы 21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан Статья 63. Ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан о судебно-экспертной деятельности Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы 11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы 19-бап. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей