Ст. 21 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
21-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің үлгілерін іріктеу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу, оның ішінде іріктеп алынатын үлгілердің саны нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының өнімге және өнімдерді сынақтан өткізу әдістеріне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
2. Өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерілетін субъект басшысының немесе өкілінің және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізеді және өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталады.
Өнімдердің іріктеп алынған үлгілері жинақталған, буып-түйілген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиіс.
3. Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық даналарына өнімдердің үлгілерін іріктеп алған лауазымды адам және тексерілетін субъектінің басшысы не өкілі қол қояды.
Іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнімнің үлгілерімен бірге сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.
Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы тексерілетін субъектіде қалады.
Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
4. Іріктеп алынған өнімдердің үлгілерін сақтау және тасымалдау осы үлгілерді сараптау (талдау, сынақтан өткізу) жүргізілетін өлшемдерді өзгертуге тиіс емес.
Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің үлгілерін іріктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы, олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.
5. Өнімдердің үлгілерін іріктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
6. Сараптама нәтижелерімен тексерілетін субъектінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарды бұзу фактісі расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сараптама жүргізу жөніндегі шығыстарды өтеуге міндетті.
7. Тексерілетін субъекті өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргізуге уәкілетті ұйымда өзінде қалған үлгіге сараптама (талдау, сынақ) жүргізе алады.
Бақылау және қадағалау органы және тексерілетін субъект жүргізген сараптамалар нәтижелерінің алшақтықтары туралы дау сот тәртібімен шешіледі.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 24-бап. Тексерулерді ресімдеу тәртібі Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы 13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және ол... О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан Статья 55. Государственный реестр методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан Қазақстан Республикасының Патент Заңы 32-бап. Апелляциялық кеңес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 30-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей