Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
4-бап. Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері

1. Бақылау және қадағалау:

1) заңдылық;

2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;

3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;

4) жариялылық;

5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;

6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;

7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;

8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;

9) қажеттілік пен жеткіліктілік;

10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;

11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;

12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;

13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;

14) тәуелсіздік;

15) объективтілік және турашылдық;

16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.

2. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

3. Мемлекеттiк органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.

4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

5. Жеке кәсіпкерлікті бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның қосымшасында көрсетілген қызмет салаларында жүзеге асырылады.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...31

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться