Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 146


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер – қару-жарақ, әскери техника мен олардың оқ-дәрiлерi, әскери өнiмнiң өзге де түрлерi, жұмыстар (оның iшiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық), құжаттама, зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерi және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат;

2) қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушісі (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс беруші) - мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жасауға, зерттеуге, өндіруге, беруге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

3) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан әрі - орындаушы) - мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттiк тапсырыс берушiлерi әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер ретiнде пайдалануы не кейiннен қайта бейiмдеуi және пайдалануы мүмкiн өнiм мен технологиялар;

5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан әрі - қорғаныстық тапсырыс) - мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;

6) уәкілетті орган - қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) уәкілетті ұйым - қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын қоспағанда, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.

  Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. № 182-IV Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 2 3 ...11

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться