Ст. 21 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары
1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ғана жол беріледі. 2. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуі осы Заңда көзделген тәртіппен олардың мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізіліміне енгізілгені кезінде ғана жүзеге асырылады.
3. Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай беруші, импорттаушы мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуді мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және (немесе) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мұнай берушінің меншікті алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын мазут пен жол битумын мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарында басқа мұнай берушіге өткізу жағдайларына қолданылмайды.
Мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер жыл сайын 1 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы және 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес стационарлық автожанармай құю станцияларының атына бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің көлемдерін беруге міндетті.
4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы басқа берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Импорттаушылар мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сәйкестендіру нөмірін-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.
6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерін тек мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және (немесе) автожанармай құю станцияларында ғана сақтауды есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыра отырып жүзеге асыруға міндетті.
7. Мұнай өндірушілер, мұнай берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер осы бапта көзделген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізілуіне тыйым салынады.
8. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге жатпайды.
10. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің және 4-тармағының ережелері мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізуге қолданылмайды.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.01.2024 бастап; мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
Закон РК О банкротстве Статья 66. Участники конкурсного производства Бағалы қағаздар рыногы туралы 99-бап. Кәсіптік ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 18-бап. Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының баға міндеттемелерін қабылдауы 87.3 КПВЭД ГК РК 04-2008 Услуги, связанные с проживанием для престарелых и инвалидов О торговом мореплавании Статья 70. Возмещение убытков за задержку суднаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей