Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары

Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшін статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) бензин мен дизель отынын және қанықпаған мұнай өнімдерін әкелуге және өткізуге, оның ішінде оларды одан әрі өңдемей сақтауға тыйым салынады. 

Осы тармақтың ережелері технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізу жағдайларына қолданылмайды. 

2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін: 

1) мұнай өнімдерін өндірушілердің – резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан; 

2) мұнай берушілердің – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларының резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан; 

3) импорттаушылардың – мұнай өнімдері резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан; 

4) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің – мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан; 

5) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің – мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан өткізуіне жол беріледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жол битумын өткізуге қолданылмайды. 

3. Мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды: 

1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер – резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады. 

Өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған мұнай өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектісінен мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер осындай мұнай өнімдерін мұнай берушінің автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не резервуарына немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау процесінде мұнай өнімдерін өндірушінің есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізеді. 

Импорттаушылар, сондай-ақ өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеуі нәтижесінде алған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау аспаптарынан міндетті түрде өткізе отырып, мұнай өнімдерін өткізуді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаның төртінші бөлігі мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.01.2024 бастап; мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 14.07.2022 № 141-VII Заңымен.

Мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады, бұл ретте мұнай өнімдері базаларының резервуарларында мұнай өнімдерін сақтау есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандырыла отырып жүзеге асырылады. 

2) мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер – автожанармай құю станцияларының (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады. 

Мазутты мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, оны өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау мен айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады. Бұл ретте мұнай берушінің технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізуі есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады. 

Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін осындай ыдыстардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) өткізуге жол беріледі. 

Жол битумын өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады. 

Мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізу мұнай өнімдерін сақтауға арналған тиісті резервуарлардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) жүзеге асырылуы мүмкін. 

3-1. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы. 

Мұнай өнімдерін өндірушінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін мұнай берушіге беруі автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде оған тиесілі резервуарға немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау арқылы жүзеге асырылады және қабылдау-тапсыру актілерімен құжаттамалық расталады. 

4. 01.01.2018 бастап 31.12.2020 дейін қолданыста болды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII Заңымен.

4-1. Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер ғана ие болады. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін ғана мұнай өнімдерін беру жоспарында көрсетілгеннен аспайтын көлемдерде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы. 

Өзге тұлғалар мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес. 

Осы тармақта белгіленген шектеулер мазутты беруге қолданылмайды. 

5. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.01.2024 бастап; мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться