Ст. 7 Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV
Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы
7-бап. Орталық атқарушы органдардың ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Орталық атқарушы органдар ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласында өз құзыреті шегінде:1) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен гендерлік теңдік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
4) кадр мәселелерінде гендерлік теңдіктің сақталуына ықпал етеді;
5) отбасы, ерлер мен әйелдердің тең құқылығын сақтамау мәселелеріне қатысты азаматтардың жолданымдарын қарайды;
6) халықаралық ұйымдармен гендерлік теңдік мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей