Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Мемлекеттiк құпиялар туралы
14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер

Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға мыналар жатады:

1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретінде қылмыстық процесте пайдаланылмаған нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар тізбеленген мәліметтерді ашатын болса;

1-1) өздеріне қатысты қылмыстық процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы шешім қабылданған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің күштерін, құралдарын, нысандарын, әдістерін және нәтижелерін ашатын мәліметтер, осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер олар санамаланған мәліметтерді ашатын болса, сондай-ақ өздеріне қатысты "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шаралары қолданылған адамдар туралы мәліметтер;

2) нақты адамдардың Қазақстан Республикасының барлау, қарсы барлау органдарының кадрлар құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер;

3) барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органдарына құпия көмек көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер;

4) сыртқы барлау саласында жүргізілетін жедел жұмылдыру жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелерін ашатын мәліметтер;

5) Қазақстан Республикасының қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер;

6) жедел жұмылдыру жұмысының жай-күйін, нәтижелерін, сондай-ақ шараларын ашатын мәліметтер;

7) радиоэлектрондық барлау, байланыс құралдары органдарының күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын, жай-күйі мен қызметінің нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерімен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер;

10) үкіметтік байланыс, шифрланған, құпияландырылған, кодталған немесе арнаулы байланыстың өзге де түрлерінің жүйесі туралы мәліметтер және мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, шифрлау, құпияландыру, кодтау құралдары туралы ақпарат;

11) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оның күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және олардың отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер;

12) жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, күштерін, құралдарын немесе әдістерін ашатын мәліметтер;

13) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің күштерін, құралдарын және әдістерін, сондай-ақ олар жүргізген жедел-іздестіру және жедел-техникалық шараларды ашатын мәліметтер;

14) нақты адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің, экономикалық тергеу қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына жататындығын ашатын мәліметтер;

15) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің күштерін, құралдары мен әдістерін ашатын мәліметтер;

16) мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруды немесе оның іс жүзіндегі жай-күйін ашатын мәліметтер;

17) ақпараттарды рұқсат етілмей алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер;

18) арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер;

19) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.03.16 № 163, 2002.07.10 № 338, 2009.12.10 № 228-IV (қолданысқа енгізу тәртібін 2-б қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV, 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться