Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Мемлекеттiк құпиялар туралы
19-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оларға меншік құқығы

1. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдар, егер бұл мәліметтер осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарында немесе құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомостволық (салалық) тізбесінде аталған болса, мәліметтерді және азаматтар мен ұйымдардың (бұдан әрі - мәліметтер көздерінің меншік иесі) иелігіндегі олардың көздерін құпияландыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Аталған мәлімет көздерін құпияландыру мәліметтер көздері иесінің және осы мәліметтер мен олардың көздері қарауына көшетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың арасындағы осы мәліметтерді иеліктен айыру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. 

2. Шартта:  

мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оның иесінің құқықтарын шектеуге төленетін өтемақының мөлшері;  

мәлімет көздері иесінің аталған мәліметтерді жария етпеу жөніндегі міндеттемесі айтылады.  

Мәлімет көздерінің иесі иеліктен айырылудан бас тартқан жағдайда бұл мәліметтер соттың шешімі бойынша, иесіне иеліктен шығарылған мәліметтердің құны оларды иеліктен шығару жөніндегі шығындар шегеріле отырып өтеліп, еріксіз иеліктен шығарылуға жатады, сөйтіп оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылығы ескертіледі. 

3. Мәлімет көздерінің иесі лауазымды адамдардың оның құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Сот лауазымды адамдардың іс-әрекетін заңсыз деп таныған жағдайда мәлімет көздерінің иесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі заңдарға сәйкес сот шешімімен белгіленеді. 

4. Егер мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдары бұзылмай алынса (әзірленсе), шетелдік азаматтар мен ұйымдарға тиесілі мәліметтер мен олардың көздеріне меншік құқығын шектеуге болмайды.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться