Ст. 33 Мемлекеттiк сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Закон утрачивает силу Законом РК от 01.07.2024 № 106-VIII (вв
Мемлекеттiк сатып алу туралы
33-бап. Аукцион өткізу
1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукциондық құжаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен күннен кейінгі жұмыс күні аукционды өткізу күні болып табылады.
2. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету арқылы өткізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
3. Аукционды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукционды өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушілердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.
5. Аукционды өткізу кезінде аукционға кез келген қатысушы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
6. Егер аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес.
7. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады.
9. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылса, тауардың басқа ұсыныстардан бұрынырақ ұсынылған бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.
10. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукционда бірінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.
Ескерту. 33- бап жаңа редакцияда - ҚР 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Мен көпбалалы анамын, күміс алка иегерымін,3 балам мектеп жасында 18 ге толған жок ал 1балам студент ауылы,күндізгі бөлімде окиды мен Салык жеңілдігіне кіремінбе?
ДД. 270.00 форму предоставляют физические лица, если применяют предварительный вычет у налогового агента (работодателя) по заявлению или можно вычеты применить самостоятельно путем предоставления формы 270.00. Два варианта применения предварительного вычета. Если предварительный вычет применяется по заявлению у налогового агента (работодателя), то в заявлении вы подтверждаете, что сдадите форму 270.00.
салеметсизбе статья 436 Деген нени билдиреди
Здравствуйте,получившее жилье от государства семья воспитывающая ребенка на инвалидности,на каких условиях сможет безвозмездно приватизировать жилье ребенок 2 группа ?
Здравствуйте, нужно ли согласие органов опеки на выдел супружеской доли пережившего супруга? Они отказывают
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей