Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Азаматтық қорғаныс туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғаныс туралы
5-бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

 Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс iс-шаралары алдын ала жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен халқы үшiн мiндеттi болып табылады.  Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:

1) уәкiлеттi орган:

халықты және аумақтарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтарына бекiтуге берудi;

шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын бекiтудi;

шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн бекiтудi;

төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөнiндегi күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзiрлiк жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетудi;

мониторинг жүйесiн ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн техногендiк авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкiндер мен басқа да қауiптi экзогендi құбылыстар туралы құлақтандыруды;

2) жергiлiктi атқарушы органдар:

ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;

төтенше жағдайлар кезiнде баспанасыз қалған халық үшiн уақытша тұрғын үй резервiн жасауды;

тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнде азық-түлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды;

3) ұйымдар:

шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi;

шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн әзiрлеудi;

төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөнiндегi күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзiрлiк жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетудi;

мониторинг жүйесiн, персоналды, шаруашылық жүргiзу субъектiлерiн және халықты техногендiк авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;

ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;

тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнде азық-түлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргiзедi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...32

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім


Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?


Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама


Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день


Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться