Ст. 103 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi
1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.
3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда, асырауындағыларға оның соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мертігуінің, жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, ауыруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттілігінен тұрақты айырылып мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектiк белгiленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
6. Егер құтқарушының қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты емес мән-жайларға қатысты болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған бiржолғы жәрдемақы төленбейдi.
7. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеуге арналған жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде беріледі.
8. Осы баптың 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес жәрдемақылар авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың шығындары зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.
9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру - әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдардың жұмыскелері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілердегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде қолданылады.
Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Азаматтық қорғау туралы 62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру Азаматтық қорғау туралы 102-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды медициналық қамтамас... Азаматтық қорғау туралы 31-бап. Құтқарушылар Азаматтық қорғау туралы 94-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану негiздерi және шығару тәртiбi Азаматтық қорғау туралы 17-бап. Қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы қызметіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей