Ст. 18 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ
Коллекторлық қызмет туралы
18-бап. Ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері
1. Коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын не Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзған, коллекторлық агенттіктің борышкермен өзара іс-қимыл жасасатын басшы және өзге де жұмыскерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған кезде уәкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады. Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі.
Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзған кезде коллекторлық агенттікке "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ықпал ету шаралары қолданылады.
2. Уәкілетті орган коллекторлық агенттікке мынадай шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға:
1) коллекторлық агенттікке анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзеу шараларын қабылдау және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттігі жөнінде орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың сипаттамасы және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;
2) уәкілетті орган осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы не Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасы нормаларының жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас түрде қайталап бұзылғанын анықтаған жағдайда, коллекторлық агенттікке осы баптың 4-тармағында көзделген санкциялардың қолданылуы мүмкін екендігі туралы жазбаша ескерту шығаруға;
3) уәкілетті орган мен коллекторлық агенттік арасында анықталған бұзушылықтарды дереу жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) коллекторлық агенттік анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесін бекіту қажеттігі туралы жазбаша келісім жасасуға құқылы.
Жазбаша келісімге коллекторлық агенттік тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс;
4) коллекторлық агенттіктің борышкермен өзара іс-қимыл жасасатын басшы жұмыскерін не өзге де жұмыскерін шеттету туралы талап қоюға құқылы.
3. Коллекторлық агенттік уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көзделген мерзімдерде осы құжаттарда көрсе тілген шаралардың орындалуы туралы хабардар етуге міндетті.
Егер бұзушылықты жою үшін белгіленген мерзім бір айдан асатын болса, коллекторлық агенттік ай сайын айдың жиырмасыншы күнінен дейін уәкілетті органды анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы хабардар етеді.
Бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда басқа шектеулі ықпал ету шараларының қолданылуын жоққа шығармайды, бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды.
4. Уәкілетті орган санкциялар ретінде:
1) осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығаруды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша коллекторлық агенттікке айыппұл салуды және одан айыппұлды өндіріп алуды қолдануға құқылы.
5. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікке осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар Коллекторлық қызмет туралы 12-бап. Коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қойылатын талаптар Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 15-бап. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақтағы құқықтық режим Об акционерных обществах Статья 91. Порядок введения в действие настоящего Закона Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 10-бап. Террористік іс-әрекеттің алдын алуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей