Ст. 10 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330
Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы
10-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты
1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) шартта көзделген, атап айтқанда, лицензиардың фирмалық атауы мен қорғалатын коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, патенттi және т.с.с.) пайдалану құқығын қамтитын айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешендi) лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақы үшiн беруге мiндеттенедi. 2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты лицензиардың лицензиялық кешенiн, iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн белгiлi бiр көлемде (атап айтқанда, пайдаланудың ең аз және (немесе) ең көп көлемiн белгiлей отырып), пайдалану аумағын көрсетiп немесе көрсетпей, қызметтiң белгiлi бiр саласына қатысты пайдалануды көздейдi.
3. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты, сондай-ақ:
1) қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты берудi, шарттың бүкiл мерзiмi iшiнде кешендi лицензиатқа басқару, техникалық және ақпараттық жағынан ұдайы жәрдемдесудi;
2) кешендi лицензиатқа пайдалануға берiлген айрықша құқықтар кешенiн пайдалануға қатысты талаптарды кешендi лицензиаттың орындауын кешендi лицензиар тарапынан бақылау шараларын да көздей алады.
4. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларында қолдану жөнiндегi шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар Қазақстан Республикасының Патент Заңы 8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк талаптары ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 907-бап. Пайдалануға берiлген айрықша құқықтың тоқтатылу салдары Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 8-бап. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу кезiндегi жариялылық Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей