Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 50 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
50-бап. Экономикалық шоғырлану

1. Мыналар:

1) нарық субъектiсiн бiрiгу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;

2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан да аз пайызына иелiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелiк ету құқығына ие болады.

Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды;

3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасы болып табылатын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;

4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне оның орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды сатып алуы;

5) бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.

2. Мыналар:

1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында аталған ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) қаржылық ұйымдардың сатып алуы, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржылық ұйымдар мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін табыс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында нарықтың басқа субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржылық ұйымдардың сатып алуы немесе меншігіне алуы;

2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;

3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру, егер мұндай мәмiлелер бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, экономикалық шоғырлану деп танылмайды.

3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығындағы акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнi белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын немесе мәмiлеге қатысушы тұлғалардың бiрi тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi не осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы оның хабарламасы талап етiледi.

3-1. Мәмілелерді жасау Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді.

4. Егер қаржылық ұйым активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерден асып кетсе, қаржылық ұйымның қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі.

Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржылық ұйым және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын жағдайда, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.

5. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде аталған нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерiн және тауарлар өткiзу көлемiн белгiлеуге құқылы.

6. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен табыстың (түсiмнің) сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.

Егер нарық субъектiсi қызметiн бiр жылдан кем мерзiмде жүзеге асырған жағдайда, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.

7. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.

Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.

 Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...48‑1 49 50 51 52 ...81

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?


"Угроза – это неправомерное словесное и несловесное поведение, действие, обещание причинить человеку зло, неприятность."

Статья 32 § 2 УК. Не является уголовным правонарушением причинение вреда посягающему лицу в состоянии необходимой обороны, то есть при защите личности, жилища, собственности, земельного участка и других прав обороняющегося или иных лиц, охраняемых законом интересов общества или государства от общественно опасного посягательства путем причинения посягающему вреда, если при этом не было допущено превышения пределов необходимой обороны. 

Статья 34 § 1 УК. Не является уголовным правонарушением причинение вреда охраняемым настоящим Кодексом интересам в состоянии крайней необходимости, то есть для устранения опасности, непосредственно угрожающей жизни, здоровью, правам и законным интересам данного лица или иных лиц, интересам общества или государства, если эта опасность не могла быть устранена иными средствами и при этом не допущено превышения пределов крайней необходимости. 

Незаконное вторжение на вашу частную собственность в сопровождении с постоянными вербальными угрозами (2 месяца), намеренное препятствие работ и более, факт того, что правоохранительные ораны отказали вам в помощи - все это объективно привело вас в состояние законной защиты себя и своего имущества.

Обязательно найдите хорошего юриста и ходатайствуйте! Удачи вам!



Обратитесь к классному руководителю и школьному психологу, опишите им проблему возможно им удастся разрешить ситуацию. Также к каждой школе прикреплен школьный инспектор, если его нет обратитесь в Управление внутренних дел своего района, адрес вам подскажет участковый в пункте полиции вашего района. Если вы несовершеннолетний с вами должен быть законный представитель, кто то из совершеннолетних родственников. Родители несут ответственность за своего ребенка, это их прямая обязанность. Позвоните по телефону доверия +7 (7172) 74-25-28 , это номер комитета по охране прав детей, обязательно расскажите о своей проблеме, вы подвергаетесь буллингу вам обязательно помогут.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться