Ст. 39 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737
Конституциялық Кеңесi туралы
39-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмдерiн қабылдау салдарлары
1. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика заңдары мен халықаралық шарттарына қол қоюға не тиiсiнше бекiтуге және күшiне енгiзуге болмайды. Заңдарды Конституцияға сәйкес деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң өтуiн жаңартады. Республиканың халықаралық шарттарын Конституцияға сәйкес деп тану оларды бекiту процесiн жаңартады. 2. Конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер заңдық күшiнен айрылады, қолданылуға жатпайды және олардың күші жойылады. Мұндай заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiге негiзделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешiмдерi орындалуға жатпайды.
3. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика Президентiнiң сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi сайлау учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Президент сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған Республика Президентiн тiркеуге жол бередi.
4. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және сайлау округтерiнде жарамсыз деп танылады. Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған депутаттарды тiркеуге жол бередi.
5. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған республикалық референдум нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi дауыс беру учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Өткiзiлген референдумды Конституцияға сәйкес деп тану референдум қорытындыларын шығаруды қайта бастауға жол бередi.
6. Конституцияның 47-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес Парламенттiң тиiсiнше Республика Президентiн лауазымнан мерзiмнен бұрын босату туралы шешiм, қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Президенттi лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, қызметiнен кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Республика Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға жол бередi.
Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей