Ст. 15 Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы
15-бап. Конституциялық Соттың судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақылар
1. Конституциялық Соттың судьясы өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) кезде оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі. 2. Конституциялық Соттың судьясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде не Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы, кәсіптік ауруы) салдарынан бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда мұрагерлеріне Конституциялық Сот судьясының отыз айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Бұл ретте Конституциялық Соттың судьясы, егер оның өкілеттігі өзіне қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты тоқтатылған болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтемақы алу құқығынан айырылады.
3. Конституциялық Соттың судьясына қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы, кәсіптік ауруы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде оған біржолғы өтемақы:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жиырма айлық лауазымдық айлықақы;
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он бес айлық лауазымдық айлықақы;
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – бес айлық лауазымдық айлықақы мөлшерлерінде төленеді.
4. Конституциялық Соттың судьясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікті белгілеуге алып келмеген ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) жағдайда – оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақысы, жеңіл мертіккен жағдайда жарты айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
5. Конституциялық Соттың қайтыс болған немесе қаза тапқан судьяларын және Конституциялық Соттың судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін олар қайтыс болған кездегі Конституциялық Сот судьясының үш айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.
6. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Егер Конституциялық Сот судьясының мертiгуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, кәсiптік ауруға шалдығуы) немесе қаза табуы (қайтыс болуы) қызметтiк мiндеттерiн атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей