Ст. 64 Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы
64-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін қолданысқа енгізу және орындау
1. Конституциялық Сот өзі қабылдаған шешімдерді қолданысқа енгізу және орындау тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін. 2. Конституциялық Соттың шешімін орындау үшін қолданылған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық Сот белгілеген мерзімде хабарлайды.
3. Конституциялық Соттың шешімдеріндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қабылданған шешім туралы Конституциялық Сотты міндетті түрде хабардар ете отырып, міндетті түрде қарауына жатады.
4. Конституциялық Сот осы Конституциялық заңның 57-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген нормативтік қаулыларды қабылдаған жағдайда, егер олардан құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жою жөнінде заңнамалық және өзге де шаралар қолдану қажеттілігі туындаса, уәкілетті мемлекеттік органдар, егер Конституциялық Сот өзгеше мерзім белгілемесе, Конституциялық Соттың шешімі жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізуді, өзге де құқықтық актілер қабылдауды қамтамасыз етеді. Жаңа құқықтық акт қабылданғанға дейін қозғалатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық Cоттың шешімі тікелей қолданылады.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей