Ст. 1 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әскери мақсаттағы тауарлар – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген қару-жарақ, әскери техника, технологиялар, бағдарламалық қамтылым, техникалық және арнайы құралдар, материалдар, өндіруге және сынауға арналған жабдық, олардың жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері;
2) бәрін қамтитын бақылау – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне кірмейтін тауарларды бақылау;
3) жаппай жою қаруы – химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;
4) жеткізу құралдары – жаппай жою қаруын жеткізуге қабілетті, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген зымырандар мен пилотсыз әуе кемелері;
5) импорт – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
6) кепілдік міндеттеме – алушы елдің құзыретті органы берген импортталатын тауарларды мәлімделген мақсаттарда пайдалану және экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының рұқсатынсыз оларды үшінші елдерге немесе үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу туралы оның ресми растауы қамтылған құжат;
7) кері экспорт – Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген, оның шегінен тыс жерлерде өндірілген тауарларды әкету;
8) коммерциялық құжаттар – сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуге байланысты сыртқы экономикалық мәмілелердің жасалуын растау үшін пайдаланылатын құжаттар (шот-фактуралар (инвойстар), өзіндік ерекшеліктер, тиеу (буып-түю) парақтары);
9) көлік (тасымалдау) құжаттары – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау шартының бар екенін растайтын құжаттар және осындай тасымалдау кезінде оларға ілеспе құжаттар (коносамент, жүкқұжат);
10) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар) – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген, қосарланған немесе әскери мақсаттағы тауарларға жатпайтын, Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде ұлттық мүдделеріне және саяси имиджіне нұқсан келтіруді болғызбау, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризмге және қылмысқа қарсы іс-қимыл бөлігінде ұлттық қауіпсіздік мүдделері үшін бақыланатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты – импорттаушының тауарларды импорттауға және экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің және уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмастан, оларды үшінші елдерге немесе үшінші тұлғаларға беруге жол бермеуге міндеттенетіні туралы уәкілетті органның растауын қамтитын құжат;
12) Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификаты – түпкілікті пайдаланушының импортталған тауарларды мәлімделген мақсаттарда пайдалануға және экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің және уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмастан, оларды үшінші елдерге және үшінші тұлғаларға беруге жол бермеуге міндеттенетіні туралы уәкілетті органның растауын қамтитын құжат;
13) қосарланған мақсаттағы тауарлар – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген, азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ жаппай жою қаруын және оны жеткізу құралдарын, қару-жарақты, әскери техниканы жасау үшін қолданылуы мүмкін өнім (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологиялар);
14) өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар;
15) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау – осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау жөніндегі шаралар жиынтығы;
16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесі – Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсаттарында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;
17) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары – осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары;
18) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру – тауарлардың, оның ішінде бағдарламалық қамтылымның және технологиялардың өзіндік ерекшелігі бар тауарларға тиесілігін белгілеу;
19) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімі (бұдан әрі – бақылау тізімі) – осы Заңға сәйкес бақылауға жататын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі;
20) техникалық көмек – Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын, қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды жөндеу, дайындау, жинау, тестілеу, жаңғырту және оларға өзге де техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет, оның ішінде консультациялар, нұсқау, оқыту, жұмыс тәжірибесімен және дағдылармен алмасу;
21) транзит – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;
22) уәкілетті орган – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) шетелдік тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтық құқық қабілеттілігі шет мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын заңды тұлғалар;
24) эксаумақтық делдалдық көрсетілетін қызметтер – Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын, бір үшінші елден басқа үшінші елге қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды сату, сатып алу жөніндегі мәмілеге алып келетін келіссөздер немесе тікелей әрекеттер жөніндегі қызмет, сондай-ақ делдалдың иелігіндегі немесе оның бақылауындағы қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды бір үшінші елден басқа үшінші елге сату, сатып алу, тасымалдау;
25) эксаумақтық кері экспорт – Қазақстан Республикасында өндірілген, қайта өңдеуге ұшырамаған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды басқа шет мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;
26) экспорт – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкету, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен технологияларды Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тұлғаларға беру.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей