Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Концессиялар туралы
17-бап. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманың мазмұны

Ескерту. 17-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті концессионерлерге мынадай ақпаратты: 

1) әлеуетті концессионерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына олардың сәйкестiгiн растау үшiн табыс етiлуге тиiс құжаттарға қойылатын талаптарды және оларды бағалау тәртібін; 

2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздемені; 

2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттаманы; 

2-2) концессиялық жобаның сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақты; 

3) концессияға беруге ұсынылатын объектiнiң тұрған орнын; 

3-1) осы концессиялық жоба үшiн концессионерлердің қызметін мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн, сондай-ақ концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін; 

4) концессия шартының жобасын; 

5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық критерийлердің, оның ішінде елішілік құндылық жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір критерийдің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын; 

6) концессия объектісінің құны көрсетiлуге тиiс валюта немесе валюталар және концессия объектісінің құндарын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын бағамды; 

7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық (аукциондық) өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптарды; 

8) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқауды; 

9) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілін, орны мен соңғы мерзімін (бiрақ жергiлiктi уақыт бойынша жұмыс күнiнiң он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін; 

10) әлеуетті концессионердің концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық (аукциондық) өтінімнің бір бөлігін тікелей конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде ұсыну құқығына тиісті нұсқауды; 

11) әлеуетті концессионерлер конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндіру сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны; 

12) конкурстық (аукциондық) өтінімді енгізу шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттарын; 

13) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен кезден бастап екі сағаттан кеш емес); 

14) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу үшін пайдаланылатын рәсімдерді және оларды қарауды қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынуға міндетті. 

15) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі). 

2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық (аукциондық) құжаттама үшін конкурстық (аукциондық) құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай төлемақы алады. 

3. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салумен, бiрақ конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей өтініш жасауға құқылы. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы сұрау салу тiркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде оған жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенін көрсетпей, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсiндiруді хабарлауға мiндеттi. 

Қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы. 

4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде – күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады. 

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық (аукциондық) құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн – әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтiнiмдерде ескеруі үшiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады. 

5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы осы кездесу барысында дереккөздерін көрсетпестен, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама комиссияға және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге дереу жіберіледі. 

6. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді. 

Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15‑2 16 17 18 18‑1 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться