Лицензиялау туралы
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:1) бiлiктiлiк талаптары – өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;
2) бiрыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бiр қызмет түрiнiң шеңберiнде өндiрiс процесiнде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгiленген шара;
3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi – өтiнiш берушi, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкiлеттiгi бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлеттi қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрiн және ондағы деректердi электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн электрондық құжат;
3-2) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4-1) лицензиардың электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгiзген мәлiметтердi қамтитын лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнiң ажырамас бөлiмi;
5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) лицензия - тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;
7) лицензияланатын қызмет түрi (бұдан әрi - қызмет түрi) - айналысу үшiн осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
8) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрi (бұдан әрi - қызметтiң кiшi түрi) - тиiстi қызмет түрiн бiр лицензия шеңберiнде нақтылау;
8-1) лицензиялар тiзiлiмi - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;
9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен);
9-1) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын, лицензиарлар беретiн лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрiн орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
9-2) лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрi – әкiмшiлiк құжаттарды нөмiрлеу мен кодтаудың бiрыңғай жүйесiнiң стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде генерацияланатын бiрегей нөмiр;
10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресiмдеуге, лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;
11) лицензиялық бақылау – лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлгенге дейiн өтiнiш берушiнiң немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берiлгеннен кейiн лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
11-1) лицензияның электрондық нысаны – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;
12) өтiнiш берушi - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиiстi лицензиарға өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
13) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүргiзудi жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiретiн мемлекеттiк орган;
14) электрондық лицензия – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.
Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Жылу энергетикасы туралы 6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есеп... Қазақстанның Даму Банкi туралы 4-бап. Даму Банкiнiң функциялары Стандарттау туралы 9-бап. Уәкілетті органның құзыретiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей