Ст. 21 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы
Магистральдық құбыр туралы
21-бап. Магистральдық құбырды пайдалану, консервациялау және жою кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Магистральдық құбырды пайдалану басталғанға дейін оның меншік иесі ықтимал аварияларды жоюдың авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен келісілген жоспарын әзірлейді және бекітеді. 2. Магистральдық құбырдың авариялық қызметтерінің қызметкерлерін, авариялық және арнаулы техникасын авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстардан бөлек, басқа да жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
3. Магистральдық құбыр салуға арналған жобалық және атқарушылық құжаттама, сынақ актілері, техникалық қызмет көрсетуге арналған жұмыс құжаттамасы, сондай-ақ авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеу материалдары магистральдық құбырдың меншік иесінде оны пайдаланудың барлық мерзімі ішінде сақталуға тиіс.
Магистральдық құбырды пайдалану мерзімі жобалық құжаттамада айқындалады. Диагностикалық тексерулер нәтижелері бойынша мамандандырылған ұйымдардың қорытындылары негізінде магистральдық құбырды пайдалану мерзімін ұзартуға жол беріледі.
4. Теңіз айдынында тартылған магистральдық құбырда авариялардың алдын алу құралдары, сондай-ақ авария болған жағдайда немесе жөндеу жұмыстары кезінде теңіз айдыны арқылы тартылған магистральдық құбырды өнімді теңізде өндіру объектілерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бекіткіш арматура орнатылуға тиіс.
5. Магистральдық құбыр объектілері Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясымен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын, авариялық броні бар үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері болып табылады.
6. Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерін болдырмау, аварияларды, төтенше жағдайларды жою жөнінде шұғыл шаралар жүргізу мақсатында магистральдық құбырдың меншік иесінің не оператордың оған іргелес жер учаскелерін Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасына сәйкес белгіленген қауымдық сервитут негізінде, келтірілген залалды кейіннен өтей отырып, пайдалануына жол беріледі.
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары магистральдық құбырдағы авариялар мен төтенше жағдайлар орнына арнайы көлік құралдарының кедергісіз өтуін және техниканың жеткізілуін қамтамасыз етеді.
8. Магистральдық құбыр немесе оның объектілері жойылған жағдайда, магистральдық құбырдың меншік иесі қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
5-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫРДЫҢ МЕНШІК ИЕСІНІҢ ЖӘНЕ ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей