Ст. 7 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы
Магистральдық құбыр туралы
7-бап. Магистральдық құбыр саласындағы өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган: 1) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық құбырды пайдаланған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) магистральдық құбыр мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерін беруді қамтамасыз етеді;
3) магистральдық құбырдағы авариялар мен төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жоюға жәрдемдеседі;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы магистральдық құбыржолмен өткізуді кедендік реттеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
8-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей