Ст. 48 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
48-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері
1. Телерадио хабарларын тарату желілері Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес біртұтас телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағында теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін пайдаланылатын жерүсті және спутниктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік-технологиялық кешенін құрайды. 2. Мемлекеттік теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін телерадио хабарларын тарату операторларының техникалық құралдары мен арналары пайдаланыла отырып, біртұтас телекоммуникация желісіне негізделетін республикалық және өңірлік телерадио хабарларын тарату желілері құрылады.
3. Телерадиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиоарналарын тарату және трансляциялау үшін қазіргі бар телекоммуникация желілерін жасалған шарт талаптарымен пайдалануға құқылы.
4. Телерадио хабарларын тарату желілері меншік нысанына қарамастан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тәртібін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Телерадиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандыруды меншік нысанына қарамастан міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Егер техникалық жағдайлар мүмкіндік берсе, тұрғын үйлерде кәбілдік желілерді тарту үшін инженерлік инфрақұрылым объектілері барлық кәбілдік телерадио хабарларын тарату операторларына бірдей шарттармен беріледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей