Ст. 51 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
51-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі
1. Жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік құрылғыларды сатып алуға ынталандыру спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың мақсаты болып табылады. 2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде тұратын тұрғындардың спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуы;
2) телерадио хабарларын тарату операторының теле-, радиоарналарды байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы таратуы;
3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензияның болуы;
4) елу мыңнан аспайтын тұрғыны бар кемінде он елді мекенде меншік немесе пайдалану құқығында меншікті сату желісін иелену.
4. Уәкілетті орган спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларынан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін шығындарды субсидиялау не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады.
5. Субсидиялар алған спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары жыл сайын субсидияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізеді және оны уәкілетті органға жібереді.
6. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей