Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.11.2024

О масс-медиа
9-бап. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу

1. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің қызметін лицензиялау арқылы жүзеге асырылады. 

2. Бақылау субъектісі өткізетін өнімнің қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. 

3. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.  

4. Осы Заңның 56-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүргізуді уәкілетті орган мемлекеттік радиожиілік қызметін тарта отырып жүзеге асырады. 

5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру мен талдау арқылы, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді. 

6. Мерзімді баспасөз басылымдарының, теле-, радиоарналардың, интернет-басылымдардың, интернет-ресурстардың, телерадио хабарларын тарату операторларының, дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың объектісі болып табылады. 

7. Масс-медианың меншік иелері, телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары мен дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар бақылау субъектілері болып табылады. 

8. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. 

9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді. 

Ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 

2) поштамен – пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 

3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.  

10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, уәкілетті органға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.  

12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді. 

13. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау масс-медиа үшін – күніне бір реттен, телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары, дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар үшін аптасына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...70

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.


Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться