Ст. 38-1 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
38-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару салаларындағы функцияларын жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқаруды жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
4-1. Әкім аппараты ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде құрылады.
Әкім аппараты халқының саны кемінде 500 адам болатын ауылдарда, ауылдық округтерде құрылады.
Халқының саны кемінде 250 адам болатын ауылдарда әкім аппаратын құруға мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 25 километрге дейінгі қашықтықта орналасса;
50 километр радиуста тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басқа елді мекені болмаса, жол беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі өкiлеттiктерiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.
8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
9. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
10. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
2) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешімді қабылдайды;
4) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
6) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 38-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей