Ст. 31 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V
Микроқаржы ұйымдары туралы
31-бап. Өтпелі ережелер
1. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдарды қоспағанда, микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркелуге жатады.
Осы тармақта белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, микрокредиттік ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
2. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
2-1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 2021 жылғы 1 маусымға дейін өтініш беруге құқылы кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған және 2021 жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш бермеген микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
2-2. Ешбір тұлға, егер ол көрсетілген ұйымдар өзінің қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса, микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын дербес өзі немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.
2-3. Микроқаржы ұйымдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш бергенге дейін орналасқан жері осы Заңның 14-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін филиалдардың үй-жайларын жабуға міндетті.
3. Алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей