Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19-2 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі

1. Мемлекеттік бақылауды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді. 

2. Мерзімдік тексеру жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тексерулер жүргізу графигіне сәйкес үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі. 

Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізу графигін әзірлейді және тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. 

Тексерулер жүргізу графигі мыналарды қамтиды: 

1) тексерулер жүргізу графигінің тіркеу нөмірі мен бекіту күні; 

2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы; 

3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы, олардың орналасқан жері; 

4) тексеру нысанасы; 

5) тексерулер жүргізу мерзімдері; 

6) тексерулер жүргізу графигіне қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі. 

Тексерулер жүргізу графигі мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады. 

Тексерулер жүргізу графигін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жібереді.  

Тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және оның жұмыс бейіні өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады. 

Бақылау субъектілері тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы мерзімдік тексеру жүргізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етілуге тиіс. 

3. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган: 

1) бақылау субъектілерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттерді орындамағанын және (немесе) тиісінше орындамағанын куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат (әскери-экономикалық оқулардың нәтижелері, жұмылдыру әзірлігін бағалау) болған кезде; 

2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. 

4. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде: 

1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге; 

2) тексеру нысанасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге; 

3) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар. 

5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде: 

1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын: 

осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; 

осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған; 

тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асатын мерзімге ұзартылған жағдайларда тексеруге жібермеуге; 

2) тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 

6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде: 

1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге; 

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға; 

3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі жасауға; 

4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға (мәліметтерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге; 

5) осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. 

7. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі. 

Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады. 

Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі: 

1) тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркелген күні мен нөмірі; 

2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы; 

3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары; 

4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер; 

5) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі. 

Заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі тексерілген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен орналасқан жері көрсетіледі; 

6) тексеру нысанасы; 

7) тексеру жүргізу мерзімі; 

8) тексеру жүргізу негіздері; 

9) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі. 

Тексеруді тағайындау туралы акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі. 

Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Тексеруді тағайындау туралы актіні жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне:  

мерзімдік тексеру бойынша – ол басталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын;  

жоспардан тыс тексеру бойынша ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жібереді. 

8. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру кезінде бақылау субъектісіне: 

1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге рұқсаттың бар екені туралы анықтаманы; 

2) сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті. 

9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс. 

Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады. 

Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себептері көрсетіледі. 

Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі. 

Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету туралы хабарламамен бірге ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді. 

10. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша екі данада: 

1) тексеру нәтижелері туралы акт; 

2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды. 

11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі: 

1) актінің жасалған күні, уақыты мен орны; 

2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы; 

3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі мен күні; 

4) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары; 

5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер; 

6) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі; 

7) тексеру жүргізілген кезең; 

8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер; 

9) бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба; 

10) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы. 

Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері болған кезде, олар қоса беріледі. 

12. Тексерулер жүргізген кезде Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады, онда мыналар көрсетіледі: 

1) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың жасалған күні, уақыты мен орны; 

2) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары; 

3) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі; 

4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні; 

5) анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы талап; 

6) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері; 

7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жасау тәртібі. 

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. 

13. Анықталған бұзушылықтарды (олар болған кезде) жою туралы нұсқамамен, бақылау субъектісінде түпнұсқа түрінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектісіне табыс етіледі. 

Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады. 

Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс. 

Тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. 

Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.  

14. Тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі. 

15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз күн деп айқындалады. 

Нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде: 

1) бақылау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктерінің бар-жоғы; 

2) мемлекеттік органдарда міндетті қорытындыларды, келісулерді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттарды алу мерзімдері; 

3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес растайтын құжаттар болған кезде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруға бюджет қаражатының уақтылы, толық бөлінуі немесе түсімінің болмауы ескеріледі. 

16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі нұсқамада белгіленген мерзім ішінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. 

Ақпарат ұсынылмаған жағдайда, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы. 

17. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің, осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіде көзделген іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретке сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы бұзушылыққа жол берген бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады. 

6 тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...19 19‑1 19‑2 20 21 22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться