Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шаралардың мазмұны

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шараларға мыналар кiредi: 

1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау; 

2) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағын, экономикасын дайындау және мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жұмыс жағдайларын белгiлеу; 

3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау; 

4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау; 

5) әскери мiндеттiлердi бекiтiп қою; 

6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу; 

7) қару-жарақ пен әскери техниканың бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау; 

8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау; 

9) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу; 

10) жұмылдыру резервінiң материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту; 

11) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалау; 

12) жұмылдыру органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру; 

13) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; 

14) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшiру; 

15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу; 

16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру; 

17) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мiндеттерiн шешу мүдделерiнде халықаралық ынтымақтастық жасау; 

18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау; 

19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау; 

20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру; 

21) Азаматтық қорғаныс iс-шараларын жүргiзу; 

22) жұмылдыру iс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету.  

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.07.15 N 334-IV, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi мен мемлекеттiк органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы өкiлеттiгi

Статья 1 2 3 4 5 6 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться