Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы
15-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi

1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

1) ұлттық қауіпсіздік органдары – конституциялық құрылысты, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғау жөнінде қарсы барлау қызметін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді, үкіметтік байланысты сақтап тұруды және қамтамасыз етуді, сондай-ақ терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында ведомствоаралық қызметті үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар;

2) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесетін, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган;

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган;

4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

5) ішкі істер органдары – қоғамдық тәртіпті сақтауды, қылмысқа, есірткі заттары мен қарудың заңсыз айналымына, бақылаусыз көші-қонға қарсы күресті, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, қылмыстық жазалардың орындалуын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді ұйымдастыратын атқарушы органдар;

6) Қорғаныс министрлігі – мемлекеттің қорғаныс қабілетін, Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын сақтап тұратын және қамтамасыз ететін, өз құзыреті шегінде сыртқы барлауды, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылды, сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын, халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін іске асыруды, Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуды, Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарында және халықаралық аренада саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін, шет елде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

8) байланыс саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8-1) ақпарат саласындағы уәкілетті орган – бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8-2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

9) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлейді, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын, жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын, ішкі және сыртқы сауданы реттеу мен дамытуды, сондай-ақ заңнамада белгіленген құзырет шегінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – көлік-коммуникация саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

14) қаржы саласындағы уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданатын, салық, кеден және бюджет заңнамасының сақталуын, мемлекеттік мүліктің ұтымды пайдаланылуын және сақталуын, экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қызмет саласында адамның және азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

15) индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган - индустриялық даму саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

15-1) инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган - ел экономикасы салаларының инновациялық және ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

16) энергетика саласындағы уәкілетті орган – экономиканың энергия және энергия ресурстарына қажеттілігін қанағаттандыруды, отын-энергетика кешенін дамытуды, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

17) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

18) әділет органдары – мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы органдар;

19) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – әлеуметтік және еңбек қатынастарында, халықты жұмыспен қамтуда заңдылықтың сақталуын және келісімді нығайтуды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

20) мәдениет саласындағы уәкілетті орган – қоғамның тарихи-мәдени және рухани-имандылық құндылықтарын сақтауды, мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің серпінді дамуын, ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
21) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21) білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган – сапалы және қолжетімді білім беруді, қазақстандық ғылымның орнықты дамуын, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
21-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – халық денсаулығын қорғауды, аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулардың таралуынан қорғауды, азаматтардың тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттарға қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

23) туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган – Қазақстанда туризмнің, бұқаралық спорттың дамуын, ел халқының дене шынықтыру мәдениетін нығайтуды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

24) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган – жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды, жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

25) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

26) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алуды, анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

27) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

28) дін істері жөніндегі уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

28-1) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган – геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

29) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін Қазақстан Республикасының орталық банкі;

29-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін мемлекеттік орган;

30) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыреттері шегiнде:

1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етедi;

2) ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;

4) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізеді;

5) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады.

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...30

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться