Ст. 5 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы
5-бап. Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi
1. Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2) заңдардың дәлме-дәл әрi бiркелкi орындалуы және құқықтық тәртiпті сақтау;
3) елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау;
4) қазақстандық отаншылдық және Қазақстан халқының бiрлiгi;
5) қазақстандық қоғамның материалдық және рухани-имандылық құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;
6) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;
7) елдің білім және ғылым әлеуетінің қоғам мен азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, инновациялық және зияткерлік даму қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;
8) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде елдің тәуелсіздігінің, бiртұтастығы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылығының және аумағының бөлiнбестiгiнiң мызғымастығы;
9) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, олардың қызметiнiң тиімдiлiгiн арттыру;
10) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;
11) экономикалық қауіпсіздікті толық көлемде қамтамасыз ететін агроөнеркәсiптiк, отын-энергетика кешендері, көлік және өндірістік салалар, қаржы жүйесі субъектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi;
12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін толық көлемде қамтамасыз ететін қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды қамтамасыз ету және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық субъектілерін дамыту;
14) бәсекеге қабілетті және қорғалған ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау және дамыту;
15) қоршаған ортаның жай-күйін сақтау және жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
16) Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сай келетін халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі;
17) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының жағымды имиджі мен беделін нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету;
18) Қазақстан халқы мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстардың салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден бейбіт уақытта және соғыс уақытында қорғау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен толықтырылуы мүмкiн.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей