Ст. 14 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
14-бап. Жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта Ұлттық ұланның әскери басқару органдарын, құрамаларын, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерін құру және орналастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрінің ұсыныстарын қарауға өз құзыреті шегінде қатысады;
2) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта Ұлттық ұланның бөлімшелері төтенше жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді орындаған кезде жеке құрамды орналастыру үшін өтеусіз түрде орындармен қамтамасыз етеді, азық-түлікпен, көліктік, медициналық, коммуналдық және өзге де қажетті көрсетілетін қызметтермен іркіліссіз қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұлан үшiн тиiстi тыныс-тiршiлiк жағдайларын жасайды, Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерi мен қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, офицерлерге және әскери қызметтi келісімшарт бойынша өткеріп жатқан әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi;
4) Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Ұлттық ұланға әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жәрдем көрсетедi;
5) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрімен келісу бойынша Ұлттық ұланның құрамалары мен әскери бөлімдерінің күштері мен құралдарын олардың тұрақты орналасқан жері бойынша табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою үшін тартады;
6) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
2. Өзге де мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдар және олардың лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне олардың қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ төтенше жағдай, төтенше жағдайды енгізу ахуалында:
1) әуежайларда, әуеайлақтарда, қону алаңдарында Ұлттық ұланның әуе кемелеріне бірінші кезекте әуе кеңістігін пайдалану, қону, аялдау, ұшып шығу, навигациялық, метеорологиялық және ұшуларды қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты алу құқығын өтеусіз береді;
2) Ұлттық ұланның әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде оларды басқару үшін байланыс желілері мен арналарын өтеусіз береді;
3) Ұлттық ұланның әскери эшелондарын (көлігін) уақтылы жөнелту және өзі дербес жүретін әскери қызметшілерін уақтылы тасымалдау мақсатында Ұлттық ұланның арнайы тасымалдар органының өтінімдері бойынша бірінші кезектегі тәртіппен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша және қосымша төлемдер алмай, жылжымалы құрам, тасымалдау құралдары бірлігінің, жолаушылар поездарындағы орындардың (оның ішінде жоспардан тыс тасымалдауларды жүзеге асыру үшін) қажетті санын бөледі;
4) Ұлттық ұланның арнайы тасымалдар органдарына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери эшелондардың (көліктің) және командалардың жөнелтілгені және қозғалысы туралы қажетті ақпарат береді.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей