Ст. 9 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
9-бап. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы
Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы: 1) өңірлік қолбасшылықтың әскерлеріне оларға жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау бойынша, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін, белгіленген тәртіппен жедел бағынысына, оның ішінде даярлау және міндеттерді орындау кезеңіне уақытша берілген құрамаларға, әскери бөлімдер мен бөлімшелерге басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығына, жауынгерлік, тылдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды;
3) жауапкершілік аймағында төтенше жағдай енгізілген және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, өз өкілеттіктері шегінде өзіне бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдердің күштері мен құралдарын тартуға шешімдер қабылдайды;
4) бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін құрамалар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткеру және азаматтық персоналды қабылдау мәселелерін шешеді;
6) жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, капитанды қоса алғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады, кезекті әскери атақтар береді, запасқа немесе отставкаға шығарады.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей