Ст. 65 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
65-бап. Бағалау жұмыстарының жобасы
1. Кен орны табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұл жөнінде құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына отыз жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсатты құзыреттi орган - бiр ай iшiнде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он бес жұмыс күні ішінде береді.
Табуды растау мен бағалау мерзімдерін айқындауды құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы бойынша белгілейді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы жариялайды.
2. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын немесе сынамалы пайдалану жобасын қамтитын бағалау жұмыстарының жобасы мынадай:
1) мемлекеттік экологиялық;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
3) санитарлық-эпидемиологиялық міндетті сараптамаларға жатады.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын немесе сынамалы пайдалану жобасын қамтымайтын бағалау жұмыстарының жобасы мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
3. Бағалау жұмыстарының жобасы кен орны қорларын толық және кешенді бағалау мен есептеу, сондай-ақ кен орны жатқан қабаттың тау-кен-геологиялық жағдайларын, пайдалы қазбаны алудың технологиялық параметрлерін және оны игерудің экономикалық жағынан орындылығын айқындауға қажетті мерзімге әзірленеді.
Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстары сатысының бүкіл мерзімінде кен орнын зерттеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шығындар көрсетілген қаржылық бөлікті қамтуға тиіс.
4. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстары тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын қамтуы мүмкін.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобалау құжаттарында белгіленген мерзімдер ішінде және көлемдерде пайдалы қазбаны өндіру процесінде де жүргізілуі мүмкін.
Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру көлемдері мен мерзімдері жер қойнауына алдын ала сараптама нәтижелері бойынша келісіледі.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы жасалады, ол осы Заңда белгіленген тәртіппен келісіледі және бекітіледі.
Көмірсутек шикізаты бойынша бағалау жұмыстары сынамалық пайдалану жобасын қамтуы мүмкін.
Сынамалық пайдалану жобасы бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді.
Сынамалық пайдалануды жүргізу қажеттігі мен мерзімдері туралы ұсыныстарды орталық комиссия жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
5. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын орталық комиссия тиісті жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Сынамалық пайдалану жобасын орталық комиссия жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын өңіраралық комиссия тиісті жоба өңіраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өңіраралық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
6. Бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу және келiсу мерзiмi бағалау жұмыстары кезеңіне көшу туралы шешiм қабылданған күннен бастап сегіз айдан аспауға тиiс.
Бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзімі құзыреттi органның шешімімен алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.
7. Бекітілген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдерін өзгерту және (немесе) толықтыру қажет болған жағдайда, бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 5-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекітеді.
Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнiң терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берілмеуге тиіс.
Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекiту мерзiмi тиiстi өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бiр айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиiс.
8. Белгіленген тәртіппен бекітілген бағалау жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ бағалау жұмыстары жобасының талаптарын бұза отырып, кен орындарын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы 10-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 124-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастры ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 830-бап. Сақтандыру құпиясы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 852-бап. Қайта қарау негіздеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей