Ст. 72-1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
72-1-бап. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару
1. Келісімшарттық аумақта үздіксіз технологиялық процесті ұстап тұру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт тоқтатылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті орган ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады. 2. Құзыретті орган бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыны келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасқаны туралы мұндай шарт жасалған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
3. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді және жасалады.
Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты сенімгерлік басқарушыға:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісімшарт жасамай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүзеге асыру;
2) келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығында жер учаскесін алу құқығын береді.
4. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасқаны туралы хабарламасын алған күннен бастап бір ай ішінде технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстарды, жабдықтарды және өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге сенімгерлік басқарушының уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол сенімгерлік басқарушыға мүлікті беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган мұндай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбе қамтылған акт бойынша оны сенімгерлік басқарушыға береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті пайдаланумен байланысты шығыстар осы баптың 5-тармағына сәйкес өтеледі.
5. Сенімгерлік басқарушының келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарды жүргізілген шығыстардың қажеттігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеттіруге құқығы бар.
Шығыстар осылайша өтелген жағдайда, жаңа жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес бұрын өтелген, сенімгерлік басқарушы шығындарының орнын толтырмайды.
Кіріс болмаған не ол жеткіліксіз болған жағдайда, шығыстарды өтеу құрылтайшының (пайда табушының) есебінен жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындаумен байланысты салықтарды төлеуге жіберілген сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда табушыға) жіберіледі. (5-тармақ 15.07.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Заңның нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.
7. Сенімгерлік басқарушы келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді.
8. Жер учаскесі сенімгерлік басқарушыға келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді.
Ескерту. 6-тарау 72-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Халықты жұмыспен қамту туралы 20-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру Автомобиль жолдары туралы 19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптары Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы 30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы 37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату Об автомобильных дорогах Статья 7. Предоставление земель для размещения автомобильных дорогРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей