Ст. 28 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
28-бап. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлкi
1. Коммерциялық емес ұйымның таратылған кезде кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi, егер заң актілерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады. Коммерциялық емес ұйым салық жеңiлдiктерiн және басқа да жеңiлдiктердi пайдаланған және мүшелерiнiң және (немесе) құрылтайшыларының жарналары мен өз қызметiнен түскен кiрiстерi, жұртшылықтың қайырмалдықтары есебiнен жұмыс жасаған, мемлекеттен немесе мемлекеттiк емес ұйымдардан гранттар алған жағдайда, таратылған кезде кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктi ұйымның мүшелерi, құрылтайшылары, лауазымды адамдары немесе жалдамалы қызметкерлерi арасында қайта бөлуге болмайды, ол ұйымның жарғысына сәйкес оның жарғылық мақсаттарына пайдаланылуға тиiс. Егер ұйымның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, тарату туралы шешiм қабылдаған органның ұйғаруы бойынша қалған мүлiк таратылатын ұйымдiкi сияқты мақсаттарды немесе оларға жақын мақсаттарды ұстанатын коммерциялық емес ұйымға берiлуi мүмкiн.
2. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда оның тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен үлесiн өз пайына бара-бар бөлiп алуға құқығы бар.
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде және кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Заң актiлерiнде және кооператив жарғысында өзгеше көзделген жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативi мүлкiнен оның пайына бара-бар үлесiн төлейдi.
3. Құрылтайшылар мекеменiң мүлкiне меншiк құқығын сақтайды.
4. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкi барлық акционерлер арасында оларға тиесiлi акциялардың санына бара-бар бөлiнедi.
Ескерту. 28-бап өзгерді - ҚР 16.05.2003 N 416 Заңымен; 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей