Ст. 43 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
43-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау және есепке алу
1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен үлестес емес кастодиан-банктің шоттарында сақталады және есепке алынады. 2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.
3. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
4. Кастодиан-банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және уәкiлеттi органды, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын және мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.
5. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операцияларды есепке алуды жүргiзедi және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi туралы ай сайын хабардар етеді.
6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.
7. Кастодиандық шарт ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде шартты бұзудың белгіленген күнiне дейiн күнтізбелік жиырма күн ішінде кастодиан-банкті хабардар ете отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан-банкке беру рәсiмiн аяқтай отырып, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының талабы бойынша бiржақты тәртіппен бұзылады.
8. Жаңа кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасқан кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы екi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде тиiстi жарияланымдар арқылы өзінің салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi.
9. Кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейiнгi мерзiмге ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, бұрынғы және жаңа кастодиан-банктер арасында бұрынғы кастодиан-банктің оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан-банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы 61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi О разрешениях и уведомлениях Статья 56. Приложение 3 Закон РК О браке и семье Статья 48. Установление судом факта признания отцовства Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 70. Содержание мер воспитательного воздействия Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы 51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауа...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей