Ст. 6 Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V
Дербес деректер және оларды қорғау туралы
6-бап. Дербес деректерге қолжетімділік
Дербес деректер қолжетімділігі бойынша жалпыға бірдей қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылатын дербес деректер немесе мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер болып табылады.
Субъект туралы жиналуы және өңделуі Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып жасалған мәліметтер субъектінің немесе оның заңды өкілінің талап етуі бойынша не соттың немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша бір жұмыс күні ішінде дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен алып тасталады.
Бұл ретте дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен дербес деректерді жою кезінде туындайтын шығыстар меншік иесіне және (немесе) операторға, үшінші тұлғаға жүктеледі.
Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өзінің дербес деректерін дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінде таратуға келісімін кері қайтарып алу кезінде туындайтын, дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен дербес деректерді жоюға байланысты шығыстардың көлемі, сондай-ақ осы шығыстар жүктелетін адамдар қажеттілік туындаған жағдайда сот тәртібімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген дербес деректер қолжетімділігі шектеулі дербес деректер болып табылады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств Статья 16. Государственная регистрация прекращения деятельности юридического лица О национальной безопасности Республики Казахстан Статья 27. Надзор за соблюдением законности в сфере обеспечения национальной безопасности Микроқаржы ұйымдары туралы 9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi Атом энергиясын пайдалану туралы 24-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей