Ст. 8-1 Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V
Дербес деректер және оларды қорғау туралы
8-1-бап. Мемлекеттік сервис
1. Меншік иелері және (немесе) операторлар, үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректер бар ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, осы Заңның 9-бабының 1), 2), 9) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинау және өңдеу процестеріне тартылған өздерінің ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік сервиспен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Интеграция Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған мәліметтерді, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі нормалары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Өзге жағдайларда мемлекеттік сервиспен интеграция ерікті негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сервиспен интеграциялау тәртібін уәкілетті орган айқындайды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында айқындалады.
2. Мыналар мемлекеттік сервис арқылы қамтамасыз етіледі:
1) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруі (одан бас тартуы);
2) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімді кері қайтарып алуы;
3) субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерімен жасалатын әрекеттер туралы хабардар ету (қол жеткізу, қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау, жою);
4) субъектіге мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерін жинауға және (немесе) өңдеуге келісімі бар меншік иелері және (немесе) операторлар туралы мәліметтерді ұсыну.
3. Осы Заңның 9-бабының 4), 6), 8) және 9-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі оның дербес деректеріне қол жеткізуге (жинауға және өңдеуге) сұрау салулардың бастамашылары туралы мемлекеттік сервис арқылы хабардар ету қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 9-бап. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімі Микроқаржы ұйымдары туралы 9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар Микроқаржы ұйымдары туралы 9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей