Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 3 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237


Утратил силу

Ақша төлемi мен аударымы туралы
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақша аударымы - алушы банктердің төлемді жүзеге асыруға немесе өзге мақсаттарға байланысты жөнелтушілердің ақша беру туралы нұсқауларын дәйектілікпен орындауы;

2) ақша аударымының бастамашысы (бұдан әрі - бастамашы) - ақша аудару туралы нұсқауды орындауға алғаш ұсынған тұлға;

3) ақша жөнелтуші - ақша төлемі және (немесе) аударымы соның есебінен жүзеге асырылатын тұлға;

4) ақша төлеміне және (немесе) аударымына қатысушылар - ақша төлемі және (немесе) аударымы жөнінде құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

5) алушы банк - ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін банк;

6) банк шотын тікелей дебеттеу - ақша жөнелтушіден ақшаны алып қою және ақша жөнелтушінің осы алып қою туралы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және (немесе) белгілі бір ақша сомасының шегінде қолданылатын алдын ала рұқсатының негізінде оны бенефициардың пайдасына беру жүргізілетін төлемді жүзеге асыру тәсілі;

7) бенефициар - ақша аударған кезде, сондай-ақ ақша аудармай-ақ жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде тапсырмада не талапта ақша алушы ретінде көрсетілген тұлға;

8) бенефициар банкі - жөнелтушімен жасалған шарттың талаптарына және (немесе) жөнелтушінің нұсқауына сәйкес бенефициардың пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға және (немесе) нұсқауда не жөнелтушімен жасалған шартта көзделген өзге де іс-қимылдарды орындауға тиісті банк;

9) делдал банк - ақша жөнелтушінің банкі және бенефициар банкі болып табылмайтын ақша аударымына кез келген қатысушы банк;

10) жөнелтуші - ақша төлеміне және (немесе) аударымына байланысты нұсқауды жөнелтетін, сонымен бірге ақша жөнелтуші, бастамашы немесе бенефициар болуы мүмкін тұлға;

11) инкассалық өкім - ақша жөнелтушінің банк шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қою үшін пайдаланылатын төлемді жүзеге асыру тәсілі;

12) клиринг - клирингтік ұйым жүзеге асыратын, клирингке қатысушылардың қарсы талаптарын жинау, салыстыру, сұрыптау мен есепке жатқызу және кейіннен олардың таза позицияларын (сальдо) айқындау процесі, сондай-ақ банктің өз клиенттері арасындағы қарсы талаптар бойынша көрсетілген іс-қимылдарды орындауы;

13) микропроцессорлық төлем карточкасы - тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қолма-қол ақшасыз ақы төлеу, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастауды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, сондай-ақ карточканы ұстаушыға қажетті ақпараты бар интегралдық микросхемалы төлем карточкасы;

14) нұсқау - жөнелтушінің алушы банкке ақша аудару не төлеу туралы шартқа немесе заңға орай берілетін бұйрығы. Нұсқаулар тапсырма нысанында не талап нысанында жасалады;

15) операция күні - банк ақша аудару туралы нұсқауларды және клиенттерден түскен осындай нұсқауларды тоқтата тұру не кері қайтару туралы өкімдерді қабылдауды және олардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруға байланысты хабарларды беруді жүзеге асыратын уақыт кезеңі;

16) өндіріп алушы - шартқа немесе заңға орай алушы банктің ақша жөнелтушінің келісімінсіз-ақ орындауына жататын ақша өндіріп алу туралы талап қоюшы тұлға;

17) төлем - ақша міндеттемесін қолма-қол ақшаны пайдалана отырып немесе оны пайдаланбай, ақша аудару немесе ішінде ақша міндеттемесі не ақша төлеу туралы бұйрығы бар төлем құжатын беру не электрондық ақша беру арқылы орындау;

18) төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесі - төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесі, оны басқаруды жүйеге қатысушы банктер арнайы құрған, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын жалпыұлттық міндеттерді іске асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологияларын қолдана отырып, электрондық тәсілмен қажетті ақпаратты сақтауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етуге де қабілетті ұйым жүзеге асырады;

19) төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады;

20) төлем тапсырмасы - нұсқауда айқындалған ақша сомасын бенефициардың пайдасына аудару туралы нұсқауды жөнелтушінің алушы банкке ұсынуын көздейтін ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсілі;

21) төлемдік талап-тапсырма - төлемді жүзеге асыру тәсілі, бұл ретте ақша жөнелтушінің банкіне ақша жөнелтушіге аталған талапты растайтын құжаттар негізінде және олар қоса беріле отырып, мұндай талапта көрсетілген сомада ақша төлеу туралы жөнелтушінің талабы қойылады;

22) төлем құжаты - ақша төлемі мен аударымын жасауға негіз болатын немесе көмектесетін құжат;

23) чек - чек беруші мен алушы банк арасындағы шартқа негізделген, ішінде чек берушінің алушы банкке осы бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеуі туралы жазбаша бұйрығы бар төлем құжаты;

24) чек беруші - чек жазып берген адам;

25) чек ұстаушы - пайдасына чек жазылған адам, оның ішінде, егер чек беруші чекті өз атына жазса, ол да чек ұстаушы болады;

26) электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде жүйенің басқа да қатысушылары төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз және қайтарылмайтын ақшалай міндеттемесі;

27) электрондық ақша жүйесі - электрондық ақшамен төлемдерді және өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығын;

28) электрондық ақша жүйесінің қатысушысы – жасалған шартқа сәйкес электрондық ақшаның белгілі бір жүйесі шеңберінде электрондық ақшаны шығару, беру, қабылдау, пайдалану, сатып алу, өткізу немесе өтеу жөніндегі құқық немесе міндеттеме туындайтын жеке немесе заңды тұлға;

29) электрондық ақша жүйесінің операторы (бұдан әрі – оператор) – электрондық ақша пайдаланылатын операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электрондық ақша жүйесінің қатысушысы;

30) электрондық ақшаны өтеу – электрондық ақшаның иесі ұсынған не оны иесі ұсынбай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтелуге тиіс электрондық ақшаны номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау жөнінде эмитент жүзеге асыратын операция;

31) электрондық ақшаны пайдалану – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемдер және (немесе) электрондық ақшаға меншік құқығының ауысуына байланысты өзге де операциялар жүргізу мақсатында электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны оның иесі – жеке тұлғаның электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына беруі;

32) электрондық ақшаны шығару – эмитенттің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға және электрондық ақша эмитентінің агенттеріне оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау арқылы беруін көздейтін операция;

33) электрондық ақша эмитенті (бұдан әрі – эмитент) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны шығаруды және өтеуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

34) электрондық ақша эмитентінің агенті (бұдан әрі – агент) – эмитентпен жасалған шарттың негізінде электрондық ақшаны кейіннен жеке тұлғаларға өткізу үшін эмитенттен және ақша иелерінен - жеке тұлғалардан оны сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 466-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 2 3 4 5 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться