Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
21-бап. Төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт)

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төлем жүйелерін реттеу мақсатында: 

1) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тәртібін айқындайды; 

2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 

3) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекітеді; 

4) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды. 

2. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 

1) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады; 

2) жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдауды және бағалауды, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушы маңызды клиенттердің төлем жүйелерінің жұмысына әсерін талдауды жүзеге асырады; 

3) бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялардың нәтижелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын талдауды жүзеге асырады; 

4) операторлардан, операциялық орталықтардан және төлем жүйелеріне қатысушылардан төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпарат, оның ішінде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері арқылы жүргізілген, көрсетілген төлем жүйелеріне қатысушы маңызды клиенттер жүзеге асырған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемдері жөніндегі мәліметтер алады; 

5) жүйелік маңызы бар және маңызды төлем жүйелері операторларының және (немесе) операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның қызметіне "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді; 

6) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың ұйымдастыру шараларына және жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын байқауды жүзеге асырады; 

7) жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелерінің тізілімдерін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады. 

3. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік органдармен, төлем жүйелері операторларымен және оларға қатысушылармен және Қазақстан Республикасының өзге де қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бағалау жүргізген кезде шет мемлекеттердің төлем жүйелерінде орталық банктермен және өзге де қадағалау (оверсайт) органдарымен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық туралы келісімдер (шарттар, меморандумдар) жасасу арқылы ынтымақтастық жасайды.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...60

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Сыну исполнится 11 мая 18 лет ,учится в школе. Взяли справку до 20июня,так как сдает экзамены. ЦОН не принимает справку ввиду того что якобы законом писано 25 мая заканчивается обучение в школе, по этой причине льготы многодетной семье урезаются.

ВОПРОС ГДЕ ЛОГИКА? Он должен наверное закончить школу, чтобы пойти работать ПО ДОСТИЖЕНИИ ИМ 18-ти лет.

НАСКОЛЬКО ПРАВОМЕРНЫ ДЕЙСТВИЯ СОТРУДНИКОВ ЦОНа.


Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться