Ст. 24 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ
Төлемдер және төлем жүйелері туралы
24-бап. Төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдану
Ескерту. 24-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын, Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, егер осы төлем жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі немесе төлем ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын қайта бастау олардың қызметінің тоқтатыла тұру себептері жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті төлем жүйесінің операторын, төлем ұйымын, банкті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жіберілген олардың жұмыс істеуі мен тиісінше қатысуын қайта бастау мүмкіндігі туралы жазбаша хабарламасының негізінде жүзеге асырылады.
4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қадағалап ден қою шараларын қолданады.
5. Төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға құқылы:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;
2) жазбаша ескерту шығару;
3) жазбаша келісім жасау.
6. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің және (немесе) жағдайлардың сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының ұқсас бұзушылығын анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
8. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою қажеттігі туралы және жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі анықталған бұзушылықтар және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар жойылғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.
9. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы құжатында көрсетілген мерзімдерде шектеулі ықпал ету шарасын орындағаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.
10. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына немесе санкцияларға қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
12. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұзартуы мүмкін.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей