Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;

2) нысандарын, тізбесін, ұсыну мерзімділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;

3) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

4) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын;

5) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын;

6) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын;

7) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын;

8) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

9) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;

10) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;

11) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;

12) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;

13) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;

14) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тізбесін, ұсыну мерзімділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оларды ұсыну тәртібі айқындалады;

15) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;

16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

17) банктер арасында, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнатуы қағидаларын;

18) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;

19) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;

20) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

21) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;

22) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;

23) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;

24) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;

25) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін бекітеді.

2. Төлемдер және төлем жүйелері саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады және өзге де өкілеттіктерді іске асырады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелерін реттеуді және оларды қадағалауды (оверсайтты), көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеуді және оларды бақылауды Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 4‑1 5 ...60

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться