Ст. 53 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ
Төлемдер және төлем жүйелері туралы
53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындау
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында не ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта сақталуы көзделген нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақша жөнелтушінің банкі алынған нұсқауларды қабылдауға және бір жыл бойы сақтауға міндетті. 2. Бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынужөніндегі әрекеттерді жасамаған кезде бенефициардың банкі жөнелтушіден алынған нұсқауларды қабылдауға және күнтізбелік бір жүз сексен күн бойы сақтауға міндетті.
Бенефициар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындамаған жағдайда, бенефициардың банкі күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде мұндай нұсқауларды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті.
3. Ақша жөнелтуші банкінің осы баптың 1-тармағында көзделген нұсқауларды орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нұсқауларды орындау кезектілігінің сақталуы ескеріле отырып, олардың банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға келіп түсу тәртібінде күнтізбелік кезектілікпен жүргізіледі. Күнтізбелік кезектілік ақша жөнелтушінің банкіне нұсқаулардың келіп түсу күні мен уақытын көздейді.
4. Егер осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін ақша жөнелтушінің ақшасы жеткіліксіз болғаннан немесе болмағаннан жөнелтуші берген нұсқау орындалмаса, онда ақша жөнелтушінің банкі, инкассолық өкімді қоспағанда, мұндай нұсқауды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті.
5. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды қайта құрылымдау кезеңінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін олар бойынша міндеттемелерді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тоқтата тұрған және қайта құрылымдау жоспарында бар нұсқауларды қабылдайды және сақтайды. Банкті немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай нұсқауды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті.
Міндеттемелері тоқтатыла тұрмаған және қайта құрылымдау жоспарына енгізілмеген нұсқаулар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған тәртіппен орындалады.
Лучшие юристы





Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Сыну исполнится 11 мая 18 лет ,учится в школе. Взяли справку до 20июня,так как сдает экзамены. ЦОН не принимает справку ввиду того что якобы законом писано 25 мая заканчивается обучение в школе, по этой причине льготы многодетной семье урезаются.
ВОПРОС ГДЕ ЛОГИКА? Он должен наверное закончить школу, чтобы пойти работать ПО ДОСТИЖЕНИИ ИМ 18-ти лет.
НАСКОЛЬКО ПРАВОМЕРНЫ ДЕЙСТВИЯ СОТРУДНИКОВ ЦОНа.
Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей