Ст. 13 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
4-1) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-3) мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
4-4) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-6) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-7) бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
4-8) бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
5) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысанын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
14-1) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
18) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
19) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
20) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізуді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
24) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;
26) мыналарды:
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын;
асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысаны мен оларды толтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
28) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
29) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
Читать еще раз
Мемлекеттiк мүлiк туралы 70-бап. Мемлекеттік мүлікті иеленудің және (немесе)пайдаланудың тәртібі, шектері мен шарттары Халықаралық төрелiк туралы 31-бап. Төрелiк шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiш Об оценочной деятельности в Республике Казахстан Адвокаттық қызмет туралы 14-бап. Адвокаттың құқықтары Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей