Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28-2 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
28-2-бап. Республикалық палата

1. Республикалық палата асыл тұқымды жануарларды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн білдіру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. 

2. Республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi. 

3. Республикалық палата облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы. 

4. Республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және палатаның алқалы органы қабылдаған жарғымен реттеледi. 

5. Қазақстан Республикасының аумағында ірi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және жұмыс істейді. 

Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы және жылқы шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың және жылқылардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады. 

Қазақстан Республикасының аумағында құстардың барлық түрі мен өнімділік бағыттарына бір құс шаруашылығы республикалық палатасы құрылады. 

Қазақстан Республикасының аумағында түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы), қоян шаруашылығы, аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы республикалық палаталары жануардың әр түрі бойынша біреуден құрылады. 

6. Егер ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделері ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатада білдірілсе, жекелеген республикалық палатаны құру ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) арқылы жүзеге асырылады. 

Ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) үшін республикалық палата мүшелерінің жалпы жиналысында шығарылған және республикалық палата мүшелерінің кемінде елу пайыз дауысын алған, ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіретін республикалық палатаның кемінде үш мүшесінің және республикалық палата кеңесінің кемінде бір мүшесінің бірлескен шешімі негіз болып табылады. 

7. Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері: 

1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі; 

2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны); 

3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады. 

Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...28 28‑1 28‑2 28‑3 30 ...33

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться