Ст. 15 Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
15-бап. Кемтар балалардың құқықтары
1. Кемтар балалардың: 1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға;
2) денсаулық сақтау субъектілерінде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн зерттеп-қаралуға және тегін медициналық көмек алуға;
3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;
4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк білім беру ұйымдарында тегiн мектепалды және жалпы орта бiлiм алуға;
6) мемлекеттiк білім беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;
7) оқу бiтiргеннен кейiн алған бiлiмiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмысқа орналасуға;
8) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.
2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.
3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей