Ст. 6 Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
6-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:1) мектепке дейінгі арнаулы тәрбие мен оқытудың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарын белгiлейдi;
2) барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн арнаулы бiлiм беру шарттарының бiрыңғай принциптерi мен нормативтерiн айқындайды;
2-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) кемтар балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шектi толымдылығын айқындайды;
4) арнаулы бiлiм беру ұйымдарының типтерi мен түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi; арнаулы бiлiм алуға мұқтаж адамдар үшiн бiлiм беру ұйымдарында қажеттi орын санын айқындайды;
5) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандырылуы мен қамтамасыз етiлуiне қойылатын ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлейдi;
6) оқушыларды аттестаттау әдiстемесiн айқындайды;
7) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтiк талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi;
8) бiлiм беру ұйымдарын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;
9) арнаулы бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
10) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) <*>
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей